Алматыда студенттер арасында киберспорттан елдегі ең ірі турнир өтті
Алматыда жастардың қатысуымен биылғы жылдың ең ауқымды іс-шараларының бірі – Almaty Cyber Games Students Leagu ...
Сайыс Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында өтті.
Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы S.H.I.E.L.D командасы Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен халықаралық Standoff кибершабуылдарға қарсы жаттығуда логистика саласы бойынша бірінші орынды иеленді.
Биылғы Standoff форматының ерекшелігі – 21 елден келген 25 қорғаныс командасы үш күн бойы мұнай-газ және логистика салаларындағы реалистік сценарийлер бойынша шабуылдарды зерттеді. Логистика саласындағы сын-тегеуріндер қатарында аэродром жарығын сөндіру, қалалық бағдаршамдарды бұзу, қауіпті жүк тасымалына рұқсат беру, жалған өрт дабылдарын тарату, қойма жүйесіндегі деректерді өзгерту секілді күрделі оқиғалар болды.
S.H.I.E.L.D командасы барлық 7 кибершабуылды сәтті зерттеп, орташа есеппен бір оқиғаны 20 сағат 15 минут ішінде шешті. Бұл жалпы қатысушылар арасында үздік көрсеткіштердің бірі болды.
"Қазақстандық команда өздерінің кәсібилігін толық дәлелдеді. Бұл нәтиже – IT саласындағы әлеуетінің нақты көрсеткіші", – деп атап өтті Positive Technologies компаниясының өкілі.
Қазақстан командасының бұл жеңісі Орталық Азия мамандарының киберқауіпсіздік саласындағы жаһандық беделінің өсіп келе жатқанын дәлелдейді.
Оқи отырыңыз:
Standoff 15 киберсайысы: Қазақстан мен Ресейдің құрама командасы екінші орын иеленді
Цифрлық егемендік: Мемлекеттік шекара неге киберқылмыс әлемімен күреске кедергіАлматыда жастардың қатысуымен биылғы жылдың ең ауқымды іс-шараларының бірі – Almaty Cyber Games Students Leagu ...