Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Елімізде жатақханаға сұраныс толастамай тұр, деп хабарлайды 24KZ. Қазірдің өзінде шамамен 14 мыңнан астам орын жетіспейді. Жағдай әсіресе Алматы шаһарында күрделі. 8 мың орын тапшы.
Жетіспеушілік мәселесін шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында студенттік жатақханалар салынып жатыр. Соған қарамастан наразы жас көп. Биылдың өзінде еліміз бойынша 6 мыңнан астам студент арызданған. Басым көпшілігі Ақтөбе облысынан жолданған. Оларды жатақханадан бөлек, академиялық білім және әлеуметтік мәселелер де толғандырған. Әділетсіздікке ұшыраған білім алушы өз мүддесін қорғау үшін омбудсмен институтына жүгіне алады.
Тоқтар Болысов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі:
- Шымкент қаласында пилоттық режимде әлеуметтік желілердегі студенттердің пікірлеріне талдау жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде кейбір жоғары оқу орындарда бірқатар мәселенің бар екені анықталды. 2025 жылдың шілде-тамыз айларында анықталған құқықбұзушылықтарды жою бойынша қосымша мониторинг жүргізу жоспарланып отыр.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...