Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Ол осыған дейін де жауапкершілікке тартылған.
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адам былтыр қоғамдық көлікте әйелге қол көтерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл ақпаратты Алматы полициясы растады.
Ақпаратқа сәйкес, өткен жылы автобустағы оқиғадан кейін Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен", — делінген полиция таратқан ақпаратта.
Алматы әуежайындағы бүгін болған оқиға желі қолданушыларының назарын аударды. Бірқатары ер адамның былтыр қаладағы автобуста әйелді соққан адаммен ұқсастығы бар деп айтып жатты.
Айта кету керек, осыған дейін Алматы әуежайында ерлік жасаған адамның кім екенін жазғанбыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, оны мемлекеттік наградаға тапсыруды ұсынды.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...