Белгілі әнші, KeшYou тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығайын деп жүргенін айтып, желідегі оқырманын қызықтырып қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазір шетелде жүрген әнші Instagram желісінде жаңа фотосын жариялаған.
"Адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады", — делінген фото сипаттамасында.
Кейін ол дәл осы жазбасын Stories-те бөліскен.
"Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі", — деп жазып қойған онда әнші.
Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып жатыр. Кейбірі әншіге бақыт тілесе, кейбірі жазбаның астарын түсінбей оған сұрақ қойған.
"Ең сұлу қалыңдық — 2025?", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Бақытты болыңыз", "Алла баянды бақ берсін, айналайын! Бағың ашылсын", — деп пікір қалдырған әншінің жанкүйерлері.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-