Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов өзінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны ...
Сенат Қазақстан заңнамасын қорғаныс және әскери-патриоттық тәрбие тұрысынан жетілдіруге бағыталған заңды екі оқылымда мақұлдады.
Құжаттың толық атауы – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.
Негізгі баяндаманы оқыған депутат Андрей Лукин бұл заң әскери бағыттағы мемлекеттік тапсырысты беру және іске асыру функциясын Қорғаныс министрлігіне өткізуге арналғанын айтты, деп хабарлйды Caravan.kz медиа порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ал құжаттың жаңашылдықтары туралы қосымша баяндама жасаған сенатор Амангелді Нұғманов заң кейбір жастарға әлеуметтік лифт бола алатынын атап өтті.
Заңда әскери қызметті тартымды ете түсуге арналған шаралар қарастырылған.
https://kaz.inform.kz/news/korganis-salasindagi-memlekettk-tapsiris-korganis-ministrlgne-kaytariladi-zan-03a351