Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түсті
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бо ...
Дегенмен, медицина саласында қазақстандықтар ғалымдар мен дәрігерлерге көбірек сенеді.
Stada health report 2025 зерттеуі қазақстандықтардың денсаулық сақтау жүйесіне қаншалықты сенетінін көрсетті.
Сауалнамаға жауап берген респонденттердің негізгі бөлігі (51%) "Денсаулыққа қатысты мәселеде кімге немесе неге көбірек сенесіз?" деген сауалға "ғалымдарға" деп жауап берген. Екінші орында – дәрігерлер (47%) мен фармацевттер (43%) тұр.
Алайда, бұл статистиканың позитивті екеніне қарамастан, зерттеу авторлары Google сынды іздеу жүйелерінен жауап іздеп, жасанды интеллектке "рецепт" жаздыратын қазақстандықтардың үлесі де айтарлықтай жоғары екенін атап өтті:
Зерттеу авторлары жасанды интеллектінің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы орны ерекше екенін айта келе, ол адамдарды емдеу технологияларын жақсартып, оған кететін шығындарды қысқартатынына назар аударған. Дегенмен, жасанды интеллектінің көмегіне сүйену дәрігермен кеңесу қажеттігін жоққа шығармайды. Өйткені, жасанды интеллектінің қателесу қаупі әлі де жоғары.
"Қазақстанда респонденттердің 44 пайызы жасанды интеллектіден кеңес алуға дайын екенін мәлімдеді. Тағы 15 пайызы оны қосымша пікір алу үшін қолданатын болса, 13 пайызы дәрігер көмегіне жете алмаған кезде ғана жасанды интеллектіден денсаулық мәселесі бойынша кеңес сұрайтынын айтқан", – делінген Stada health report 2025 есебінде.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтардың 40 пайызы ғана өзінің денсаулығын жақсы деп бағалайды
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бо ...
Қазақстанда маусымдық А тұмауының бірнеше жағдайы тіркелді. Оны басқаша "гонконг тұмауы" деп атайды. Санитар-д ...
Халық қалаулысы ауруханаға қаралып жүр. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы оғаш әрекетіне түсі ...