Актер Еркебұлан Дайыров президенттер қатысқан іс-шарада сыйлық алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келеше ...
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында алматылық журналистер де марапатталды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекеттік және ведомостволық наградаларды Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов табыстады. Қоғамдық-ақпараттық саланың дамуына үлес қосқан журналистер «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін алды. Еңбегі еленгендердің қатарында журналистика ардагері Әлімжан Акбаров, жарты ғасырдан аса уақыт шәкірт тәрбиелеген ұстаз, профессор Кәкен Қамзин бар. Сонымен қатар әріптесіміз, «Хабар» Агенттігінің» Алматы филиалы Ақпараттық бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлан Нарынбек «Ақпарат саласының үздігі» атанды.
Рая Ескендірова, «Almaty Aqshamy» газетінің бөлім меңгерушісі:
- Қыз балаға, әйел адамдарға журналистикада жүру өте қиын. Бір қолыңда қалам, бір қолыңда қазан ұстап. Оның үстіне бала-шағаның тәрбиесі бар. Соның бәріне үлгеріп, жұмысымды атқарып, үйімнің де шаруасын атқарып жүргеннен кейін де мені білетіндер, мені танитындар куә. Сондықтан мен бүгін өте қуанып тұрмын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келеше ...
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсір ...