Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
XDS Astana Team командасында өнер көрсететін Хаоюй Су тас жолдағы велоспорттан өткен Қытай чемпионатында екі мәрте күміс медаль жеңіп алып, керемет нәтиже көрсетті.
26 маусымда мәресіне жеткен ұлттық біріншіліктің элита санатындағы топтық жарыста Су асқан табандылық пен шеберлік танытып, екінші орынға ие болды. Жарыс басынан-ақ ол көшбасшылар қатарына қосылып, бүкіл қашықтық бойы белсенді әрекет етті. Бірнеше мәрте шабуыл жасаған елордалық велошабандоз жеңіс жолында аянбай тер төкті.
Жарыстың шешуші сәттері де тартысқа толы болды. Соңғы шақырымдарда алты велошабандоздан тұратын жаңа көшбасшылар тобы құрылып, олардың қатарынан Су да табылды. Ақырында ол мәреге екінші болып келіп, чемпионаттағы екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.
- Бүгінгі жарыс өте қарқынды өтті. Алаңда тоқтаусыз шабуылдар орын алды. Мен де белсенді болуға тырыстым. Аяқта күш болды, көп уақыт алдыңғы топта жүрдім. Алайда әр шабуылға жауап беру көп энергияны талап етті. Соңғы шешуші сәтте қарымта шабуыл жасауға күшім жетпей қалды. Соған қарамастан, биыл өзім үшін үлкен қадам жасадым деп ойлаймын. Алға ұмтылып, үздік нәтиже көрсету үшін әрі қарай да еңбек етемін, — деді спортшы жарыстан кейінгі сұхбатында.
Айта кету керек, бұған дейін Хаоюй Су жекелей жарыста да екінші орын иеленген еді.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...