Жетісайда өрт салдарынан ес-түссіз күйде үш адам табылды
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...
Елдегі 47 провинцияда орман алқаптарына баруға шектеу қойылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Түркияның орман өрттерімен күрес жөніндегі комиссиясы 2025 жылдың 30 қарашасына дейін елдің 47 провинциясында орман алқаптарына баруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Бұл шешімді Түркияның ондаған провинциясының губернаторлары қолдап, метеорологиялық болжамдарды саралағаннан кейін мақұлдаған.
Комиссия шешіміне сәйкес, Түркияның кейбір өңіріндегі аномальді ыстық пен орман өрттері қаупіне байланысты мынадай аймақтарда орманға кіруге тыйым салынды: Қаратеңіз жағалауындағы 11 провинция, Мәрмәр теңізі өңіріндегі 10 провинция, Эгей теңізі бойындағы 8 провинция, Жерорта теңізі аймағындағы 8 провинция, Анатолияның оңтүстік-шығысындағы 3 провинция, Шығыс Анатолиядағы 2 провинция және Орталық Анатолиядағы 5 провинция.
Кейінгі күндері Түркияның бірнеше провинциясында, соның ішінде Измир мен Сакарья аудандарында өрт сөндірушілер орман өрттерімен күрес жүргізіп жатыр.
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...
Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі ересек және бір бала ...
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...