Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді
Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше ...
Түркиядағы Измир халықаралық әуежайы орман өртіне байланысты рейстерді қабылдамайды.
Аднан Мендерес әуежайы Газиемир округіндегі өрт аймағына жақын жерде орналасқан. Орман өртінің жалғасуы, түтін және өрт сөндіру ұшақтарының жұмысына байланысты әуежай ұшақтарды қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті "Миллиет" басылымының хабарлауынша, ұшақтар басқа әуе айлақтарына жіберілген. Өрт бақылауға алынғаннан кейін рейстер әдеттегідей қайта жалғасады деп күтілуде.
Қызыл жалын Измир, Анталия мен Бурса сияқты бірнеше провинцияда өткен аптада тұтанған еді. Тілсіз жау жүздеген үйді зақымдады. Өрттің басталу себебі әзірге белгісіз. Жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жеткен жел үлкен кедергі жасап тұр. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше ...
Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар шетелдіктер Қазақстаннан кетпек болғанда ұст ...
Гонконгтегі алапат өртке қатысты тағы 6 адам ұсталды. Жалпы 8 күдікті қамауға алынған. Олардың қатарында ...