Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия халқын Республика күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды ...
Қамауға алынған адамдардың бірі Измирде әдейі от қойған деген күдікке ілігіп отыр.
Ел аумағында ауа температурасы күрт көтеріліп, орман алқаптарында өрт жиілей түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір ең күрделі жағдай Измир провинциясында тіркеліп отыр. Өрт сөндірушілер бір мезетте бірнеше ошақты ауыздықтауға тырысып жатыр. Елдің түкпір-түкпірінде, 77 жерде орман өрті шыққан. Измирдің Сеферихисар ауданындағы Доғанкент кешенінде орналасқан жүздеген үйге тілсіз жау зардабын тигізді.
Министрдің айтуынша, алдын алу мақсатында 4 ауыл мен 2 елдімекеннің тұрғындары уақытша эвакуацияланған. Өрттен жапа шеккен 21 адам медициналық көмекке жүгінген.
– Қазір 3 негізгі ошақ бар, әсіресе тау шыңдарында жел екпіні күшейіп тұр. Сондықтан күшімізді сол аумақтарға бағыттадық. 21 азаматымыз өрттен зардап шеккенін хабарлады, олар алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды. Бұл экожүйеде тек адамдар ғана емес, басқа да тіршілік иелері өмір сүреді. Құстар, жәндіктер, басқа да жануарлар бар. Өрт 5 шақырымға дейінгі аумаққа жайылған. Өкінішке қарай, бұл аумақтағы жануарлар да зардап шекті. Орман өртіне қасақана немесе байқаусызда қатысу бұл қылмыс екенін естен шығармаған жөн", – деп мәлімдеді Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрахим Юмаклы.
Түркия заңнамасында орман өртіне себеп болғандарға қатаң жаза қарастырылған. Қасақана от қойғандар кемінде 10 жылға сотталады. Егер бұл әрекет террористік мақсатпен жасалса – өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Ал абайсызда шыққан өрт үшін 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды ...
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 25 қыркүйекте Вашингтонда кездес ...
Қазақстан азаматы Түркиядан елге қайтарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі . Ол 2023 жылы Шымкент қаласынд ...