• 05-05-2026

Маусымда инфляция деңгейі 11,8 пайызды құрады

2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап, 0,8 пайыз болды.

Ұлттық статистика бюросы маусым айындағы инфляция бойынша мәліметтерді жария етті. Онда маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,8% құрағаны жазылған.

2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,8% құрады (2025 жылғы мамырда – 0,9%).

Азық-түлік тауарларының ішінде баға қиярға – 19,5%, қырыққабатқа – 18,1%, қызанаққа – 15%, сарымсаққа – 8,4%, бананға — 3,4%, жұмыртқаға 3% төмендеген. Осы орайда балмұздақ бағасы 1,9% өскен, йогурт – 1,6%, жаңғақ – 1,5%, рулет пен кекстерге – 1,3%, кондитерлік өнімдер мен салқындатылған сусындар – 1%-дан, сарделька бағасы 0,9% қымбаттаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусым айында тұрмыстық заттардан электрлі ет тартқыш бағасы 2,5%, үтіктікі 1% өскен.

Тарифтер арасынан ыстық су 6,2% төмендеді. Қызмет көрсету секторында баға фотограф қызметіне 3,3% өскен, салтанатты шаралар өткізетін ұйымдастырушыларда – 2,8%, теледидар жөндеу – 2,4%, тұрғын-үй, жайларды жөндеу және қызмет көрсету – 1,4%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,3% жоғарылаған.

Жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 9%, күріш – 8,3%, қияр – 3,5%, сұлы жармасы – 2,5%, кептірілген өрік 2,3% арзандады. Керісінше алмұрт – 11,3%, консервіленген жүгері – 10,8%, жеміс және көкөніс шырындары 10,4% қымбаттаған.

Азық-түлік емес тауарларының ішінде блендер бағасы 7,8% өсті.

2024 жылғы маусыммен салыстырғанда өткен маусым айында кабельдік телевизия қызметтері 2,2% жоғарылаған.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.