2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Былтыр төртінші айналымға дейін жеткен Путинцеваның биыл жолы болмады. Теннисшіміз осы жеңілістен соң бірден 7 сатыға төмендеп, жаңартылған әлемдік рейтингте 40-орынға табан тірейді.
Юлия Путинцева Уимблдонның бірінші айналымында әлемнің 12-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовадан екі сетте 0:6, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Матч небәрі 43 минутқа созылды.
Осылайша, Юлия биылғы Уимблдонды ауыр жеңіліспен бастады. Оған қоса ойын барысында қазақстандық теннисші трибунадан өзін алаңдататқан жанкүйерді байқап, төрешіге жүгінді.
Бірінші сетте 0:3 есебімен ұтылып жатқан сәтте ол көзіне жас алды.
"Сіз оны шығара аласыз ба? Мен ол трибунадан кеткенше ойнамаймын. Бұл адамдар қауіпті. Оның қолында пышақ болуы мүмкін", – деді Путинцева.
Турнирдің қауіпсіздік қызметі дереу әрекетке көшіп, жасыл киімдегі күдікті ер адамды трибунадан шығарып жіберді.
Кейін Уимблдон ресми түрде мәлімдеме жасады.
"Мәселе шешілді, ешқандай қауіп жоқ", – деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Алайда бұл оқиға Путинцеваға қатты әсер етті. Ол өзіне тән мінезін көрсете алмай, небәрі 43 минут ішінде матчты аяқтауға мәжбүр болды.
Жекелей сындағы жеңіліске қарамастан Путинцева жұптық сында жарысты жалғастырады. Ал, бүгін Уимблдонда кортқа Елена Рыбакина, Александр Бублик шығады.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...