2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Бүгін, 8 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алғашқы жекпе-жегін өткізу үшін Қазақстан құрамасының екі спортшысы шаршы алаңға шығады. Атап айтсақ, 1/16 финалда Алуа Балқыбекова (50 келі) кениялық Нзивамен жұдырықтасса, 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаеваның шеберлігін байқайды.
Әлем біріншілігіне ел құрамасы сапында барлығы 12 спортшы аттанған.
Олар:
Назым Қызайбай (48 келі),
Алуа Балқыбекова (50 келі),
Анита Адишева (52 келі),
Жайна Шекербекова (54 келі),
Карина Ибрагимова (57 келі),
Виктория Графеева (60 келі),
Аида Әбікеева (63 келі),
Жасмин Қизатова (66 келі),
Наталья Богданова (70 келі),
Надежда Рябец (75 келі),
Гүлсая Ержан (81 келі),
Елдана Талипова (+81 келі) сынға түседі.
Естеріңізге сала кетсек, Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі 9-13 наурыз аралығында өтеді. Жартылай финалдық жекпе-жектер 14 наурызға белгіленген. Финал 16 наурызда өтеді.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...