Арменияға бидай экспорты артады
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда ең көп сатылған кроссоверлердің рейтингі жасалды. Kolesa.kz мәліметінше, тізімнің көшін Hyundai Tucson бастап тұр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең көп сатылған көлік Chevrolet Cobalt седаны болып қала берді.
Ал кроссоверлер ішінде бірінші орынға Hyundai Tucson шықты. Жылдың алғашқы жартысында елде бұл модельдің 8 мыңнан астам данасы сатылған. Кей айларда тіпті Chevrolet Cobalt-тан да көп сатылған екен.
Екінші орында – Kia Sportage. Қаңтар мен мамыр аралығында бұл модельдің 4499 данасы сатылған.
Үздік үштікті жаңа модель Hyundai Mufasa түйіндейді. Бұл көлік бастапқыда Қытай нарығына арналған еді, тиісінше Қытайда ол ix35-тің орнын басты. Қазақстанға 2024 жылдың соңында келіп, 13,8 млн теңгеден сатылымға шықты. Қазір бағасы 14,5 млн теңгеден басталады. Жылдың алғашқы айларында қазақстандықтар бұл көліктің шамамен 3 мың данасын сатып алған.
Үздік бестікке тағы бір Hyundai моделі – футуристік Santa Fe кірді. Оны 2300 адам таңдаған. Модельдің бастапқы бағасы – 21 млн теңге. Портал авторларының пікірінше, Santa Fe-нің танымал болуына әртүрлі жеңілдіктер мен тиімді несие шарттары да әсер еткен болуы мүмкін.
Бестікке кірген соңғы модель – қытайлық Haval M6. Оны жарты жыл ішінде 2 мыңнан астам қазақстандық сатып алған.
Алғашқы ондыққа мына көліктер де кірген:
Changan CS55 Plus – 1955 дана,
Chery Tiggo 2 – 1925 дана,
JAC S3 – 1649 дана,
Jetour X70 – 1427 дана,
Geely Coolray – 1414 дана.
Айта кетерлігі, Changan кроссовері мамыр айында төртінші орынға көтеріліп қана қоймай, Қытай брендтері үшін Қазақстанда жаңа рекорд орнатты – бір айда 864 дана сатылған. Бұған дейін Қытай көліктері мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea Internationa ...
t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауд ...