Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Америкалық танымал рэпер әрі продюсер P. Diddy (шын есімі - Шон Комбс) жыныстық қанау және адам саудасына қатысты ауыр айыптаулардан ақталып шықты.
Сот алқасы 55 жастағы әртісті қылмыстық кәсіпкерлікпен айналысты, жыныстық мақсатта адам саудасын ұйымдастырды деген баптар бойынша кінәсіз деп таныды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Егер бұл айыптар дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылар еді.
Алайда, Шон Комбс жеңілірек, бірақ сонда да ауыр жаза қарастырылатын баптар бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда, ол бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура мен жезөкшелікпен айналысатын тағы бір әйелді тасымалдағаны үшін жауапқа тартылып отыр. Бұл іс бойынша ол 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
Адвокаттары рэперді сот шешімі шыққанша 1 миллион доллар кепілдікпен босатуды сұрағанымен, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Комбс түпкілікті үкім жарияланатын 3 қазанға дейін қамауда қалады.
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қала құр ...