• 21-11-2025

Ақмола облысында цифрлық трансформация мәселелері талқыланды

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту қажет.

Бурабайда өткен республикалық семинарда сала мамандары осындай бастама көтерді. Жиын барысында қалалық жерлерді цифрландыру және байланыс сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Шараға орталық мемлекеттік органдардың және өңірлік цифрландыру басқармасының өкілдері, ІТ сарапшылар қатысты. Олар өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Досжан Мұсалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Цифрлық трансформация барлық деңгейдегі билік органдарының үйлестірілген әрекетін талап етеді. Бұл семинардың мақсаты – орталық және жергілікті органдар арасында тиімді диалог орнатып, цифрландырудың басым бағыттарын бірге талқылау. Сондай-ақ цифрлық теңсіздікті жою, байланыс сапасын арттыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдар жасау.