Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметі ел азаматын еңбек құлдығынан құтқарып қалды. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz медиапорталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Медиапорталдың жазуынша, қазақстандық қыз Камбоджаға қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасу мақсатында ұшып барған. Алайда шетелге келгеннен кейін бұл ұсыныстың артында басқа мақсат тұрғаны белгілі болды. Ол еңбек құлдығына тартылу қаупіне тап болған.
Бұл оқиғаға жедел ден қойған Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол Бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдаған.
"Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды. Қазіргі уақытта қазақстандық аруды шетелге жұмысқа орналастыру ұсынысымен алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады", — делінген хабарламада.
Осы орайда полиция қызметкерлері әрдайым жұмыс беруші туралы ақпаратты тексеріп алуды, ресми дереккөздерден ақпарат жинауға шақырады.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-