Шымкентте кафе өртке оранды
Асар шағынауданында екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт болды, – деп хабарлайды Egemen.kz. Өрт сөндір ...
Жаңаөзенде Шаңырақ шағын ауданындағы мешітте кілем өртенді. Салдарынан жасөспірімнің денесін күйік шалып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 6 наурыз күні сағат 17:54-те қалалық мешіттің аумағында болған.
“Жаңадан салынған қалалық мешіт дәлізінде жатқан 40 шаршы метрлік кілем өртенді. Жалпы ауданы – 350 шаршы метр. Өрт сағат 18:10-да түгелдей сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді департамент.
Өрт кезінде 12 жастағы бала зардап шекті. Баланың екі құлағы, беті, мойны, екі қолы мен бел аймағы және жоғарғы тыныс алу жолдары I-II-III дәрежеде термикалық күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың денесінің 15-17%-ы күйіп қалған.
“Қазір баланың жалпы жағдайы ауыр. Жағдайы айтарлықтай жақсарып жатқан жоқ. Шокқа қарсы инфузиялық терапия енгізіледі”, – деді Жаңаөзендегі қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері.
Асар шағынауданында екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт болды, – деп хабарлайды Egemen.kz. Өрт сөндір ...
Астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасында ...
Оқыс оқиғадан екі адамның денесін күйік шалды. Павлодардағы мұнай-химия зауыты өртеніп, екі адам зардап шек ...