Песков: Путин пен Трамп жақын арада тағы да сөйлеседі
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Израиль премьер-министрі Вашингтонға ресми сапармен келді .
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трампты бейбітшілік саласында Нобель сыйлығына ұсыну жөніндегі ресми хатты табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
7 шілде күні Нетаньяху АҚШ-қа ресми сапармен келіп, Трамппен Газа секторындағы соғыс пен Иранның ядролық бағдарламасын талқылады. АҚШ президентімен кездесуден бұрын ол Мемлекеттік хатшы Рубио және арнайы өкіл Уиткоффпен жеке кездесулер өткізді.
"Құрметті президент мырза, мен сізге Нобель сыйлығы комитетіне жолдаған хатымды табыстағым келеді. Онда сізді Бейбітшілік сыйлығына ұсындым. Бұл марапат – сіздің толықтай лайықты еңбегіңіздің көрінісі. Сіз бұл сыйлыққа лайықсыз және оны алуыңыз керек", – деді Израиль премьері Нетаньяху Ақ үйде өткен кешкі ас кезінде Трампқа.
Израиль премьерінің айтуынша, бұл бастама – Дональд Трамптың халықаралық аренада бейбітшілік орнатуға қосқан үлесін ресми түрде мойындау мақсатында қолға алынған. Атап айтқанда, ол АҚШ-тың Израиль мен бірқатар араб елдері арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған бастамаларына ерекше назар аударды.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Әлемнің екі дүркін чемпионы, қазақстандық Сәкен Бибосынов спорттағы еңбегі үшін ірі көлемде сыйақы мен жылқ ...