Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Жасөспірім ауруханада көз жұмды.
7 шілде күні Құлсарыда кешкісін жол-көлік оқиғасы болып, 12 жасар жасөспірім қаза болды, деп хабарлайды облыстық ПД.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ПАЗ "Вектор Некст" маркалы жолаушылар автобусы бұрылып жатқан сәтте, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мопед оның бүйірінен соққан.
"Қатты соққы салдарынан бала ауыр жарақат алып, дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлердің көмегіне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдары тергеу жұмысын бастады. Қажет сараптамалар тағайындалған", – делінген хабарламада.
Тергеуде басты назар аударылып отырған мәселелердің бірі – 12 жастағы баланың мопедті қалай тізгіндегені және оған рұқсаттың қалай берілгені.
Оқи отырыңыз: Алматыда 29 жастағы қыз жетінші қабаттың балконынан құлап, қаза болды
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...