Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Жер дүмпуі бүгін, яғни жергілікті уақыт бойынша сағат 14:29-да Орталық Қазақстан аумағында болған.
Магнитудасы 4.9 балдық жер сілкінісі туралы ТЖМ телеграм арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жерасты дүмпуі Тараз қаласынан 126 шақырым шығыста және Луговой ауылынан 16 шақырым шығыста, 8 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісі туралы тұрғындар көптеген пікір қалдырса, кейбірі дүмпуді сәл ғана сезгенін жеткізген.
– ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 08 тамызында Астана уақытымен 14 сағат 30 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан, – деп жазды ТЖМ.
Еске салайық, бұған дейін ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС Сейсмикалық жағдай Жамбыл облысында тіркелгенін хабарлаған еді.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Семей қаласында, Гёте көшесіндегі жеке аумақта өрт шықты, деп хабарл ...
Бүгін алматылықтардың ұялы байланыс телефондарына келген хабарландыру жұртты дүр сілкіндірді. Әсіресе, қоғамдық орындард ...