Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Іздеу жұмыстарына авиация мен дрондар тартылған .
Алматы тауларында 2007 жылы туған жігітті іздестіру жұмыстары үшінші күн қатарынан жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, 6 шілдеде полицияға хабар-ошарсыз кеткен жігіттің ағасы хабарласып, 2 шілдеде інісінің тауға кетіп, жоғалғанын мәлімдеген.
Құтқарушылар бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Операцияға 109 қызметінің 44 маманы, РОСО құтқарушылары, ТЖД, шекарашылар, полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған. Іздеуге ТЖМ авиациясы, төрт кинологиялық есеп және 3 ұшқышсыз аппарат тартылды.
"Іздеу жұмыстары үш бағытта жүргізілуде: космостанциядан БАП-қа дейін, жотаның оң және сол жақ беткейлері, Алма-Арасан мен Аюсайға түсетін беткейлер, сондай-ақ космостанциядан шекара заставасына дейінгі жолдар қаралуда", – деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
18 жастағы Нұрислам Ақылбекова достарына жалғыз емес екенін, жанында тағы бір досы бар екенін ескерткен. Алайда Нұрислам досының аты-жөнін айтпаған.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...