Абай облысында алғаш рет «Abay Open» республикалық турнирі өтті
Абай облысында алғаш рет дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында «Abay Open» турнирі өтті. Екі күнге созылған сайы ...
Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран При турнирінде қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан ширек финалда есе жіберді , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шешуші белдесуде Нұрлыхан Шархан венгриялық Кристиан Тотпен кездескен еді. Алайда отандасымыз қарсыласын таза жеңгеніне қарамастан, төреші оның нәтижелі әдісін есепке алған жоқ.
Осылайша қазақстандық дзюдошы жұбаныш белдесуінде Израиль өкілі Иосиф Симинмен күш сынасуға мәжбүр болды. Өкінішке қарай, қызылордалық дзюдошы соңғы мүмкіндігінде жүлде үшін күресу мүмкіндігін жіберіп алды.
Бұдан бөлек, қазақстандық дзюдошылар арасында жарыстың үшінді күнінде -90 келіде Мейірлан Максим 1/8 финалда жапониялық Рику Окададан жеңілсе, +100 келіде Жантілек Нұртілепұлы алғашқы белдесуінде грузин дзюдошысы Шалва Гурешидзеге жол берді.
Ал әйелдер арасында +78 келіде Ақерке Рамазанқызы да алғашқы белдесуде франциялық Грейс-Эстер Миенанди Лахуден айласын асыра алмады.
Аустриядағы дәстүрлі турнирге елімізден 14 дзюдошы барған болатын. Бірақ, 48 келіде Абиба Әбужақынова (48 кг) ғана өз салмағында топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды.
Абай облысында алғаш рет дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында «Abay Open» турнирі өтті. Екі күнге созылған сайы ...
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аустрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетіп, 48 келіге дейі ...
Ертең Аустрияның Линц қаласында шымылдығы түрілетін Гран-при турнирінде еліміздің 14 дзюдошысы күреседі. ...