Қазақстандықтар шахматтан әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
Қазақстандық пара спортшылар шахматтан әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Massage ...
Пауэрлифтингтен Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері Сергей Веселов Сауд Арабиясы аумағында қамауға алынды деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengri Sport-қа берген сұхбатында спортшының әкесі мән-жайды айтты. Ер адамның айтуынша, ұлы Ыстамбұлға демалуға барып, байланысқа шықпай қалған. Спортшының әкесі Евгений Веселов бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпарат таратуға көмек сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Novosti Uka (@novosti__ukg)
Евгений ұлы бастапқыда Ыстамбұлда демалып, содан кейін Дубайға баруды жоспарлағанын айтты.
"Астанадан Ыстамбұлға ұшып бара жатқанын жеткізді. Оның бағыты мынадай болды: Өскемен — Астана — Ыстамбұл — Дубай және кері бағытта. Қазір мен үшін басты міндет — ұлымды Қазақстанға, үйге қайтару", — деді Евгений.
Сондай-ақ, Евгений ұлы Мединада (Сауд Арабиясы) табылғанын, бірақ онымен жеке байланысып, сөйлесу мүмкін болмағанын айтты.
"Ұлыммен сөйлескен жоқпын. Консул сол жерге еріктілер жіберген. Олардың бір минуттай ғана уақыты болды. Олар жай ғана хәл-жағдайын, денсаулығын сұраған. Сергей отбасымызың құпиясөзін растады. Отбасымызда бала кезімізден бері құпиясөзіміз бар. Жай, кез келген жағдайға дайын болу үшін. Ол сол сөзді растаған, яғни, расында да, менің ұлым", — деді Сергейдің әкесі.
Алайда оның неге ұсталғаны белгісіз.
"Ұлым қайда екені туралы ресми ақпарат жоқ. Бір учаске деді. Ал ол не үшін айыпталып отыр? Олар қандай баппен айыптап отыр? Ешкім ештеңе айтпайды. Бәрі тып-тыныш. Не болып жатқаны түсініксіз", — деп жауап берді Евгений.
Евгений Веселов Сыртқы істер министрлігіне және Сауд Арабиясындағы қазақстандық дипломаттарға өтініш жолдаған.
"Консулдық бұл мәселемен айналысып жатқанын айтты. Бес күннен бері Астанадамын, ресми жауап күтіп жүрмін. Әзірге істің егжей-тегжейі туралы ақпарат келген жоқ", — деді спортшының әкесі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!