Алматыда 13 адам қаза болған хостелдегі өрт ісіне қатысты резонансты сот процесі аяқталды. Бүгін бір жарым жылға іске нүкте қойылды, хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Агенттіктің жазуынша, іс Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қаралған.
Екі адамға айып тағылған. Олар – хостел директоры және компания иесі.
Сот барлық мән-жайды ескеріп, келесідей үкім шығарған:
Хостел директоры Ә. М. 5 жылға, компания иесі А. П. 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Олар жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде өтейді. Екеуі де сот залында қамауға алынған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-