Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты .
Рельс төсеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр.
10 шілдедегі жағдай бойынша, LRT желісінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымның 18 шақырымына жолдың үстіңгі құрылысы төселді. Бұл – бүкіл желінің 80%-ы.
Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті немесе төмен легирленген болаттан жасалған рельстер қолданылады. Темір ылғал мен ауа әсерінен тотығады, соның салдарынан бетінде тат пайда болады.
Тұрмыстық немесе автокөлікке арналған металл бұйымдардан айырмашылығы – рельстерге бояу немесе лак жағылмайды. Бұл техникалық талаптарға байланысты: бояу қозғалыс жүктемесінің әсерінен тез өшіріліп қалады, сондай-ақ дөңгелектердің ілінісіне кедергі келтіруі мүмкін және дәнекерлеу жұмыстарына кері әсерін тигізеді.
City Transportation Systems хабарлауынша, беткі тат рельстің беріктігіне және пайдалану сапасына әсер етпейді. Пойыздар қозғалысы басталғаннан кейін ол сүртіліп кетеді, яғни дөңгелектер қозғалыс кезінде рельс бетін өздігінен тазартады.
"Барлық рельстер жаңа және арнайы LRT жобасы үшін 2025 жылы шығарылған. Жаңа рельстерде таттың пайда болуы ақау емес, табиғи құбылыс. Бұл – рельстік болатқа тән стандартты ерекшелік, ол инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен беріктігіне әсер етпейді.
Рельс төсеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Жолдың үстіңгі құрылысы 2025 жылғы тамыз айының соңында аяқталады", – делінген хабарламада.
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...
Атырау облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу ен ...