• 04-05-2026

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жас жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram-дағы volontery_almaty_lider.kz паблигінде жарияланды. Ол жерде бірнеше күн бұрын 18 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жас жігіттің қаза болғаны туралы ақпаратты растады.

"Із-түссіз жоғалып кеткен жас жігіт өлі табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", — деп хабарлады ведомстводағылар.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы жігіт 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз