Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Мәйіттер іздестіру-құтқару жұмыстары барысында табылды.
Қостанай облысы Амангелді ауданында көліктің өзенге түсіп кетуі салдарынан үш адам, оның ішінде бір бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 10 шілдеде Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды ауылы маңында бірнеше адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, көлікте үш адам болған, олардың бірі – бала.
Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, соның ішінде жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында үш адамның да денесі табылып, судан шығарылды.
Ведомство атап өткендей, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жарияла ...
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...