Қазақстанда гидтер мен қонақүйлердің қызметі қашан реттеледі
Қазіргі таңда "Туристік қызмет туралы" заңның осы салаларға қатысты тұстарына түзетулер жобасы әзірленген. ...
Семей мен Өскемендегі жобалар бойынша шешім жуырда белгілі болады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей салуы тиіс болған 3 жылу электр орталығына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әзірге Ресей тарапынан жеңілдетілген әрі кепілдендірілген қаржыландыру жөнінде нақты ақпарат түскен жоқ. Сондықтан ешкімнің көмегіне жүгінбей, Көкшетауда құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Онымен "Самұрық-Энерго" айналысып жатыр. Семей мен Өскемендегі жобалар бойынша Ресей тарапынан жауап күтіп отырмыз. Егер жақын арада жауап болмаса, бұл жобаларды да өзіміз жүзеге асыру жолдарын қарастырамыз. Бұл нысандар өте маңызды, біз көп күте алмаймыз. Бізге жылу да, жарық та керек", – деді Үкімет басшысы.
Тілшілер: "Бюджеттің күші жете ме?" – деп нақтылады.
"Жетеді. "Самұрық-Энерго" нарықтық тетіктері бар. Кез келген ЖЭО да бизнес жоба. Пайдалануға берілгеннен кейін ол ақша тауып, салынған инвестициялар қайтарылатын болады. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ", – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін Ресей Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салатынын жазған едік.
Қазіргі таңда "Туристік қызмет туралы" заңның осы салаларға қатысты тұстарына түзетулер жобасы әзірленген. ...
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналы ...
" Сырым " ветеринариялық бақылау бекетінде Самара облысынан (РФ) Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігі тоқта ...