Жәнібек Әлімханұлы рейтингтегі бірінші орнынан айырылды
BoxRec.com порталы орта салмақтағы әлемдік бокс рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol. ...
Жеңімпаз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығу құқығына ие болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) британдық Дензел Бентли (21 жеңіс, 3 жеңіліс, 1 тең) мен венесуэлалық Эндри Сааведра (17 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең) арасындағы жекпе-жектің келіссөздері басталғанын мәлімдеді. Бұл кездесудің жеңімпазы орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) міндетті қарсылас мәртебесін алады.
Бентли мен Сааведра арасындағы айқас алдағы айларда өтуі мүмкін. Бұл туралы WBO президенті Густаво Оливьери хабарлап, ұйым қос боксшының командасына ресми хабарламалар жолдағанын растады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли бұған дейін 2022 жылдың қарашасында жұдырықтасқан. Сол кездесуде қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, чемпиондық белдігін қорғап қалған.
Егер Бентли титул үшін қайта айқасуға мүмкіндік алса, бұл оның Жәнібекпен реваншы болмақ. Ал Сааведра жеңіске жеткен жағдайда, Әлімханұлы алғаш рет венесуэлалық нокаутшының бабын бағамдап көреді.
BoxRec.com порталы орта салмақтағы әлемдік бокс рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol. ...
Қос спортшы да кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалуда. Бокс кеші 5 сәуірде Астана қаласында өтед ...
Орта салмақтағы IBF және WBO белбеулерінің иегері, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) алдағы ти ...