• 04-05-2026

2026 жылғы Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медальдары таныстырылды (фото)

Милан-Кортина-2026 ұйымдастыру комитеті алдағы Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медальдарын таныстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Презентация Венето аймағының астанасы Венеция қаласында өткен. Жаңа олимпиадалық медальдар екі жарты бөліктен тұрады.

Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медалі. Фото: t.me/olympickz

Олар спортшының мансап жолын және осы жолда оның жанында болған барлық адамдарды бейнелейді.

Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медальдары
Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медалі. Фото: t.me/olympickz

Дизайн эмоция мен командалық рухты айшықтап, Милан мен Кортина қалаларының бірлігін ғана емес, жеңіс пен оған жету жолындағы күш-жігердің мәнін де бейнелейді.

Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медальдары
Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медалі. Фото: t.me/olympickz

Медальдардың екі бөлігін Олимпиада және Паралимпиада құндылықтары біріктіреді. Бұл спорттық жолдың қорытындысы және сол жолда жанынан табылғандардың еңбегіне деген құрмет.

Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медальдары
Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медалі. Фото: t.me/olympickz

Айта кетейік, Милан-Кортина-2026 Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді. Жалпы саны 245 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз