Вакцинаға сенбегендердің кесірінен вирус өршіп жатыр ма?
2020 жылғы дүрбелеңді әлі ешкім ұмыта қойған жоқ, коронавирус өршіп, түгел елдің тірлігі шатқаяқтаған еді. Дәл ...
478 адам індет жұқтырды .
Қытайдың Гуандун провинциясындағы Фошань қаласында Чикунгунья қызбасының жергілікті өршуі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Алғашқы жағдай 8 шілдеде анықталды. 15 шілдедегі жағдай бойынша 478 адамның індет жұқтырғаны расталды. Барлығы жеңіл түрде ауырған. Лэцун, Бэйцзяо және Чэньцунь елді мекендерінде мұндай деректер көп тіркелген.
Чикунгунья – Aedes масалары арқылы таралатын жедел вирустық ауру. Негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, бөртпелердің шығуы және буын ауруы жатады. Бұл аурудың белгілері денге қызбасына да ұқсайды.
Ыстық әрі ылғалды ауа райында масалардың белсенділігі артады. Өз кезегінде бұл денге мен чикунгунья сияқты жәндік арқылы таралатын індеттердің таралу қаупін күшейтеді.
Мамандар жергілікті тұрғындарды аурудың алдын алу шараларын сақтауды ұсынады.
2020 жылғы дүрбелеңді әлі ешкім ұмыта қойған жоқ, коронавирус өршіп, түгел елдің тірлігі шатқаяқтаған еді. Дәл ...
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкі ...
Құс тұмауы вирусы адамзат үшін COVID-19-дан да қауіпті пандемияны тудыруы мүмкін. Бұл туралы Франциядағы ...