Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Алдын ала су ағызу тек санитарлық-эпидемиологиялық тексеру үшін сынама алынатын жағдайда ғана керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Судың ағысын қанша уақыт ағызу қажет екені зерттеу мақсатына байланысты. Мысалы, су сапасына әсер ететін материалдарды зерттеу үшін суды алдын ала ағызбай-ақ сынама алу керек.
Ал химиялық тепе-теңдікті анықтау үшін суды 2–3 минуттай ағызып жіберу жеткілікті.
Судағы микробиологиялық көрсеткіштерді анықтау үшін металл крандарды алдымен отқа ұстап зарарсыздандыру керек, ал пластик крандарды арнайы құралмен дезинфекциялау қажет. Мұндай жағдайда суды кранды толық ашып, кемінде 10 минут ағызу керек.
"Ішуге арналған суды алдымен ағызып жіберудің қажеті жоқ. Бұл – суды бекер ысырап ету. Министрлік керісінше, суды үнемдеп пайдалануға шақырады. Осы мақсатта арнайы әдістемелік ұсыныстар әзірленген. Оларды сақтау арқылы алты адамнан тұратын отбасы жылына 35 мың литрге дейін су үнемдей алады. Қазір бұл ұсыныстарды ел көлеміндегі қоғамдық орындарға тарату жұмысы жүргізіліп жатыр", – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.
Ұсынылған шаралар қатарында мыналар бар:
кір жуатын және ыдыс жуатын машиналарды толық жүктемемен пайдалану;
автоматты сенсорлы крандар орнату;
дәретханада екі режимді су шығару тетіктерін орнату;
крандарға аэрациялық саптамалар қою;
крандардың техникалық жағдайын тұрақты тексеріп тұру және ақау не ағып жатқан жерлерді уақытылы жөндеу.
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клу ...
Республика күні қарсаңында Астанада "Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі " ұраныме ...