"Жеңілдетілген несие алуға көмектесем": Астанада 16 адамды алдаған алаяқ сотталды
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Полиция арызынан соң Тараз қаласының соты осындай үкім шығарды.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының Жамбыл облысындағы филиалына қатысты полиция сотқа шағым қалдырды. Бұған себеп – "Алматы-Ташкент-Термез-2" автожолының "Күйік ескі асуы" бөлігіндегі жол қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025 жылғы ақпанда әкімшілік полиция инспекторы аталған жол учаскесінің техникалық жағдайын тексерген. Тексеру нәтижесінде жол қауіпсіздігіне қатысты 13 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы нұсқама берілген. Алайда, аталған кемшіліктер жойылмаған.
Сот отырысында "ҚазАвтоЖол" филиалының өкілі өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл жол учаскесіне жауапты мердігер ұйым, ал ұлттық компания бұл құқықбұзушылыққа жауапты емес. Осыған байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Алайда әкімшілік полиция инспекторы жолда жиі жол-көлік оқиғалары тіркелетінін, жүргізушілер тарапынан көп шағым түсетінін айтып, жауапкершілікке тартуды сұрады.
Сотта филиалдың кінәсі тексеру актілерімен, нұсқама, анықтама, хаттамалар және өзге де құжаттармен дәлелденді.
Сот "ҚазАвтоЖол" филиалын кінәлі деп танып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 миллион 966 мың теңге айыппұл салды. Рұқсат етілген қызмет түрлерін тоқтату немесе шектеу шаралары қолданылған жоқ.
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...