• 04-05-2026

Алдағы күзде екі бірдей әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін тоқтатады

Алдағы қыркүйектен бастап Wizz Air әуе компаниясының ұшақтары Абу-Дабиден Қазақстанға ұшпайды. Сондай-ақ Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Wizz Air лоукостері 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абу-Дабиге рейстерін тоқтататынын хабарлады.

Шешім қозғалтқышқа қатысты мәселелерге, аймақтық қақтығыстарға және реттеуші кедергілерге байланысты қабылданды.

Айта кетейік, Wizz Air аптасына 9 рет Алматыдан Абу-Дабиге ұшады. Бұл арзан әуе саяхаттары нарығы үшін айтарлықтай шығын дейді Алматы халықаралық әуежайы өкілдері.

Сондай-ақ Lufthansa баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуе компаниясы 2025 жылдың 26 қазанынан 2026 жылдың 29 наурызына дейін Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатады.

Осылайша, бұл Франкфурт-Алматы бағытына әсер етеді.

"Шешім қабылдауға әсер еткен себептер – сұраныстың маусымдық төмендеуі, шығындарды оңтайландыру қажеттілігі, сондай-ақ әуе паркінің ресурстарының шектеулі екені", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз