• 04-05-2026

Павлодар облысында синтетикалық есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды

Павлодар облысында синтетикалық есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тереңкөл ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ауданға синтетикалық "скорость" есірткісін жеткізу арнасын анықтап, жолын кесті.

Жедел іс-шаралар барысында есірткі құралдарын сақтады деген күдікпен Тереңкөл ауылының тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, есірткілер аудан аумағында жұмыс істейтін ірі онлайн есірткі дүкенінің мүддесіне сай интернет арқылы таратылған.

Іс-шара нәтижесінде 50 дайын "скорость" есірткі дозасы тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.