• 04-05-2026

Экс-дипломат Сәкен Мамашқа сот үкімі шықты

Бүгін Астанада сот Карина Мамаштың ісіне қатысты үкім шығарды — ол өзін бұрынғы күйеуі Сәкен Мамаш жүйелі түрде азаптады деп айыптаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы кезге дейін сот жабық есік жағдайында өтті. БАҚ өкілдері тек алғашқы және сот үкімі жарияланған соңғы отырысқа кіруге мүмкіндік алды.

Істі қараған судья бұрынғы дипломат Сәкен Мамашты әйелі Карина Мамашқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

"Сот Сәкен Мамашты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", — деді судья.

Мамаш өзіне материалдық жағынан тәуелді адамды азаптағаны үшін кінәлі деп танылып, дипломатиялық дәрежесінен де айырылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз