Үкімет 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
Кездесу барысында ғарыш қызметі мен ұшқышсыз жүйелер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Венгриялық 4iG компаниясы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен 4iG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, Мажарстанның халықаралық іскерлік байланыстарды дамыту мәселелері жөніндегі Төтенше және өкілетті елшісі Гиллерт Ясайдың жұмыс кездесуі өтті.
Мажарстан тарапының ұшыру қызметтерін ұсыну жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысу, Жерді қашықтықтан зондтаудың халықаралық спутниктік тобы шеңберіндегі ынтымақтастық, сондай-ақ ғарыш аппараттары үшін құрастыру-сынау кешендерін құру мен пайдалануда тәжірибе алмасу перспективалары қаралды.
Қазақстандық тарап Мажарстанның ұшқышсыз жүйелер саласындағы құзыреттеріне технологиялық та, өндірістік те тұрғыда қызығушылық танытты.
Тараптар бірлескен әзірлемелердің, пилоттық жобалардың және технологиялармен өзара алмасудың жоғары әлеуетін атап өтіп, екі елдің жеке компаниялары мен мемлекеттік құрылымдары арасындағы практикалық өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды.
Кездесуге қатысушылар озық шешімдерді енгізуге және экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамытуға бағытталған тұрақты да, ұзақмерзімді әріптестік құруға өзара мүдделі екендіктерін жеткізді.
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы жыл қорытындысы бойынша халыққа және Парлам ...