• 04-05-2026

Тоқаев Вьетнам Компартиясы бас хатшысына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға тайфун салдарынан азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған "Вифа" тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", — делінген жеделхатта.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз