Сұмдық статистика: 19 мыңға жуық жас қазақстандық микронесиесін төлей алмай жүр
Бұл туралы Naryk.kz телеграм арнасы жазды. 20 жасқа толмағандар арасында борыш жүктемесінің өсуін болдырмау үшін ж ...
2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанда жалпы аумағы 87,3 мың шаршы метрді құрайтын 54 сауда үйі пайдалануға берілді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, аталған нысандардың нақты құны 39,7 млрд теңгені құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сауда үйлерінің ең көп саны Шымкент қаласында (15 нысан) және Қызылорда облысында (14 нысан) тіркеліп отыр. Бұдан бөлек, бірінші жартыжылдықта жалпы аумағы 39 мың шаршы метр болатын 60 супермаркет іске қосылды. Олардың жалпы құны – 19,5 млрд теңге.
Супермаркеттердің басым бөлігі Шымкент қаласында (21 нысан), сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында – әрқайсысында 12 нысаннан ашылды.
Сондай-ақ, аталған кезеңде жалпы аумағы 30,3 мың шаршы метрді құрайтын 176 минимаркет пайдалануға берілді. Бұл нысандардың жалпы құны 11,2 млрд теңге болды.
Минимаркеттердің ең көбі Түркістан (32), Жамбыл (22) және Қызылорда (20) облыстарында ашылды.
Бұл туралы Naryk.kz телеграм арнасы жазды. 20 жасқа толмағандар арасында борыш жүктемесінің өсуін болдырмау үшін ж ...
"Made in Kazakhstan" деген белгі бірден арзан сегментпен теңестірілетіні рас па? Отандық өндірісті қолдау м ...
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі опер ...