Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Іздестіру жұмыстары 4147 метр биіктіктегі "Жастар" шыңының маңында басталды.
Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД мәліметінше, 27 шілде күні сағат 23:02–де Медеу ауданында іздестіру-құтқару операциясы басталған. Ол таңертең тауға шығып, бірақ қайтып оралмаған. Жігіт тауда жүргенде жаңбыр мен бұршақ жауып, 4000 метр биіктікте қар түскені белгілі.
"Іздестіру жұмыстары 4147 метр биіктіктегі "Жастар" шыңының маңында басталды. Операцияға "Медеу" құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары және "Тұйық-Су" бақылау-құтқару пунктінің құтқарушылары жұмылдырылды. "Жастар", Титова және Т1 шыңдары тексерілген, алайда жігіт табылмады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Құтқарушылар Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған жігітті эвакуациялады
Қазіргі уақытта Мыңжылқы шатқалында жедел штаб құрылған, іздестіру жұмыстары дрон және иісшіл иттер арқылы жүріп жатыр.
"Қазавиақұтқару" тікұшағы ұшуға дайын болғанымен, ауа райының қолайсыздығы — 1800 метрден жоғары бұлт, найзағай және секундына 20 метрге дейін жететін жел әуе көлігінің көтерілуіне кедергі келтіріп отыр", – деп мәлімдеді ТЖД.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...