Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Қалалық әкімдік Наурызбай ауданында орналасқан 11 жер телімін мемлекет қажеттілігіне қайтару басталғанын хабарлады.
Тиісті қаулы (№ 3/470-1041) 2025 жылдың 21 шілдесінде қабылданған, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Жер учаскелері "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынып жатқан 1500 орындық мектепке апаратын жол мен автотұрақ салу мақсатында алынып отыр. Бұл жер телімдері "Құрамыс" және "Таугүл-3" шағын аудандарында, сондай-ақ "Геолог" пен "Ауыл шаруашылығы қызметкері" бау-бақша серіктестіктерінде орналасқан. Жалпы алынатын жер аумағы – 0,1094 гектар.
Учаскелерді мемлекет қажеттілігіне алу рәсімін аяқтау мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
"Қала жер орталығы" кәсіпорны мәліметінше, жер иелеріне заңда белгіленген тәртіппен хабарлама жолданады. Оларға Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы тәртіпке сәйкес өтемақы төлейді.
Жер алынғаннан кейін қалалық мобильділік басқармасының қарамағына беріледі.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...