Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асады.
Ел аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыскерлер интернет-ресурстар арқылы жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізіп отырған. Олар миллиардтап пайда тапқан. Қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 миллион теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асады", – делінген хабарламада.
Тінту барысында ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді.
Оқи отырыңыз: "Астана" баскетбол командасы "Болашақ ойындары – 2025" турниріне жолдама алды
"Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластары қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл баптарда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған", – дейді полиция.
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...