Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
16 жастағы қыз туыстарымен ұрсысып, эмоциялық күйзелістен көпірден секірмек болған.
Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"102 арнасы арқылы кезекші бөлімге "Архар" көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті. Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдік болды. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алды. Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты," — делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған. Кейін жасөспірім ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...