Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді
Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше ...
Күдікті қамауға алынды.
Осы аптада Түркия аумағында орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 7 адам ұсталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Әли Ерликая мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Жандармерия 22 мен 27 шілде аралығында орман өрттеріне байланысты 7 күдіктіні ұстады. Үшеуі қамауға алынды, тағы төртеуі елден шықпау туралы қолхатпен босатылды", – деді Әли Ерликая.
Сакарья және Балыкесир провинцияларында тілсіз жаудың беті қайтты. Ал Карабюк аймағында орман өртімен күрес бес тәуліктен бері жалғасып жатыр.
Сакарья провинциясында А.Б. есімді азамат ескі матрасты жақпақ болғанда өрт орманға тез жайылып кеткен.
Экология және қала құрылысы министрі Мурат Курумның сөзінше, алдын ала бағалау бойынша Анталия, Биледжик, Бурса, Карабюк, Сакарья және Ушак провинцияларында болған орман өрттері салдарынан 104 жылжымайтын мүлік нысаны бүлінген. Оның ішінде 68-і – тұрғын үй.
Шілде айының басында Маниса провинциясының соты 12 гектар орманды өртеп жіберген ер адамды қамауға алды.
Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше ...
Гонконгтегі алапат өртке қатысты тағы 6 адам ұсталды. Жалпы 8 күдікті қамауға алынған. Олардың қатарында ...
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...