Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Аргентинаның Баия-Бланка портты қаласында бірнеше сағат ішінде 260 милиметр
жауын-шашын түсіп, соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғи апат салдарынан опат болғандар саны 16 адамға жетті. Тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Жергілікті билік шаһарда 72 сағаттық аза тұту жариялады. Үлкен су жолдар, көпірлер мен үйлерді қиратқан. Іздеу-құтқару жұмыстарына авиация мен сарбаздар да тартылды. Жалпы тасқын 350 мың тұрғынға зардап әкелген. Үкімет шығын көлемі 400 миллион доллар дейді. Бірақ әзірге көмекке 9 миллион доллар ғана бөлінген.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...