Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен елімізде 14 820 шетелдік еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, шетелдік жұмыс күшін тарту бірнеше санат бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
Сонымен қатар маусымдық жұмысқа 2 874 адам, ал корпоративтік ауыстыру арқылы 3 817 шетел маманы тартылған.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 882 жұмыс беруші бар. Оларда 352 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% — ы. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 160 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 902 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 347 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 178 адам», делінген хабарламада.
Айта кетейік, елімізде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытай (5 463 адам), Өзбекстан (2 477 адам), Үндістан (1 097 адам) және Түркиядан (1 071 адам) келген.
Министрлік жыл сайын ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында шетелдік мамандарды тартуға арналған квотаны бекітеді. 2025 жылы бұл квота жұмыс күшінің жалпы санына шаққанда 0,2 пайыз немесе 14,8 мың бірлік көлемінде белгіленсе, наурыз айында жергілікті атқарушы органдардың сұранысына сәйкес бұл көрсеткіш 16,5 мың бірлікке дейін арттырылған.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...