• 31-07-2025

Алматыдағы тергеу изоляторында күдіктіге тыйым салынған зат жеткізбек болған азамат ұсталды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінің жедел бөлімі мен режим және күзет бөлімінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша тергеу тұтқынындағы күдіктіге тыйым салынған зат өткізбек болған курьерді анықтады.

45 жастағы А. есімді азамат курьер бола жүріп, Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша, яғни қарақшылық жасағаны үшін Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасы ұстаған танысына тыйым салынған зат бермекші болған.

Тексеру барысында оның күдіктіге әкелген күртешесінің қалтасынан фальга қағазына оралған өткір иісті ұнтақ тәркіленді.

Аталған факт бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақыртылып, сараптама тағайындалды.