Қазақстандықтар Тұрсынбек Қабатовтың концерттерін тоқтатуды талап етіп жатыр
Жуырда танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен арадағы жағдай туралы бар шындықты айтып , ...
Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.
Олар 20 жыл құлдықта болған қазалылық отбасыны қорғауға алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, полиция адам саудасының құрбанына айналғандарға көмек қолын созған. Мұны департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділхан Шопанов айтып өтті.
– Қазалы ауданының тұрғыны Қ.Жалғасбаев Ақсуат ауылына қарасты "Итжемес" деген жерде отбасымен бірге 20 жылдай аудан тұрғыны өз малын күштеп бақтырғанын көрсеткен. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, жәбірленушінің өтініші бойынша өзі және оның отбасы құрамы қорғауға алынды. Ішкі істер органының қызметкерлері тәулік бойы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, – деді ол.
Биылдан бері жергілікті шаруа қожалықтарында адамның құқықтары мен бостандықтарын таптау немесе шектеу деректері әзірге тіркелген жоқ.
Еске салайық, осыған дейін отбасымен құлдықта болған Қожагелді Жалғасбаевтың оқиға барысын айтып берген видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.
Жуырда танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен арадағы жағдай туралы бар шындықты айтып , ...
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары » шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды E ...
Жаңа буынды станция құрылысы түркиялық AKSA ENERGY компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылып ...